Меню KDT
imgMain.jpg?_=1677741077
Қош келдіңіз

Алмалы орта мектебі жанынан Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында Достық тамақтандыру, демалыс лагері ұйымдастырылуда.

Жалпы білім беретін алмалы орта мектебінде 5.06-01.07.2023  күні  аралығында "ДОСТЫҚ" бейіндік және тамақтандыратын лагері ашылып  жұмысын атқарды

Жаз – жарқын мезгіл. Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы тынығу лагерлеріне баруға асығады. Жайраңдаған  жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымшылдықпен, сапалы да қызықты өткізу мақсатында жылдағы дәстүр бойынша  тілдік, бейіндік, ЖасҰлан, дебат, ІТ, көгалдандыру бағыттарындағы лагерь өз жұмысын жалғастырады. 

 

Жалпы білім беретін алмалы орта мектебінде 5.06-01.07.2023  күні  аралығында "ДОСТЫҚ" бейіндік және тамақтандыратын  лагері ашылып  жұмысын атқарды

Жаз – жарқын мезгіл. Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы тынығу лагерлеріне баруға асығады. Жайраңдаған  жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымшылдықпен, сапалы да қызықты өткізу мақсатында жылдағы дәстүр бойынша  тілдік, бейіндік, ЖасҰлан, дебат, ІТ, көгалдандыру бағыттарындағы лагерь өз жұмысын жалғастырады. 

Биылғы жазғы маусымда Алмалы орта мектебі «Достық”күндізгі тамақтандыратын  лагерлерінде 1-2 кезеңдерге 40 оқушы қамтылып  тынықтырылып, каникул күндерін көңілді өткізді. 

Жоспар бойынша  "Достық" күндізгі лагері  ашылу салтанатын ұйымдастырып барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 5-9 маусым аралығындағы  жұмысын атқарды.

     Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде  «Достық» бейіндік  лагері 6.06.2023 ж. Тақырыбы"Сақ бол балақай"!  Жол ережелерін,велосипед жүргізуде қандай ережелерді сақтауы тиіс. Мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға,жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

       “Оқуға құштар мектеп” аясында “Достық” лагерінде “Күншуақ” тобында “Ертегілер елінде” шарасы өтті.Шараның мақсаты:оқушылардың кітапқа құштарлығын арттырып, сөздік қорларын байыту.Шара барасында оқушыларды өздеріне берілген ертегілерді топпен баяндап, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме берді.Кітаптар,мәтіндер оқып түсініктері сұралды.Сурет бойынша өздері қиялдан ертегі құрастырып баяндады.”Жыл басы” ертегісін қуыршақ театры бойынша сахналады.Шара соңында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ертегі кейіпкерлерін мүсіндеді. Оқушыларға шара ұнады.Кері байланыс алынды.Тәрбиешілер:КабдуловаР.КаримоваД.                                                                         

     

19.06.2023 жылы  1 – күнінен бастап Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің жанындағы «Достық» жазғы лагерьдің  ІІ ауысымының ашылуы салтанатты

 іс – шарасы өткізілді.

«Достық» жазғы лагерь ашылуы салтанатты жиынымызды мектеп директоры Ахметова  Айгүл  Мақсотқызы  қатысып  мерекелік іс – шараны ашып беріп, балаларға ізгі тілектерін білдірді.

   Лагердің мақсаты:  «Достық» мектеп жанындағы жазғы демалу лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау. Қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру. 

    Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, асфальтқа сурет салып, көңілді старт ойындар шеруі өтті.

Жоспар бойынша «Достық» жазғы лагерьдің  2 – күні  «Табиғат аясында».

Оқушылар Атырау облыстық өлкетану мұражайы мен Орталық саябаққа саяхаттады.

3 – күні «Денсаулық – зор байлық» күні алынып оқушылар мектеп дәрігері Ақмарал Амандосовамен әңгіме жүргізді. «Спорт – денсаулық кепілі» спорттық жарыстар мен «Менің отбасым» шығармашылық сайыстар өткізді.

4 – күні «Тақиялар күні». Оқушылар арасынан алдымен бір оқушысымыз Жас тілші ретінде  тағайындалып қазақтың салт – дәстүрі бойынша бірнеше сұрақтар әзірлеп оқушыларға қойған болатын. Кейін Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, «Шебердің қолы ортақ» тақырыбы бойынша қағаздан бұйым жасалды.

5 – күні «Смайлик» күні. Оқушыларға бұл күні «Көңілді лагерь» караоке – batlle бойынша өлеңдер айтып жарысып «смайлик» ойынын ойнады.

6-  күні «Сән» күні. Оқушылар арасынан Лагерь ханзадасы мен ханшайымы атты шара өткізілді. Шарада бірнеше тапсырмалар орындап соңында оқушыларды әр түрлі номинациямен марапаттады. Шарадан кеін дидакдикалық ойындар ұйымдастырылды.

7 – күні «Кино әлемі» күні. Бұл күні оқушыларды кинотеатрға апарып «Мармадюк» атты мультик көрген болатын. Жақсы көңіл күймен келип, қуыршақ театры атты жоспар бойынша «Мақта қыз бен мысық»  ертегісін ойнап көрсеткен болатын.

8 – күні «Спорт» күні. Оқушылар бұл күні «Квест» ойынын ойнады. Яғни әр жерге тығып қойған тапсырмаларды тауып орындаған болатын. ары қарай спорттық ойынымен жалғасып еки командаға бөлінді.

9- күні «Поэзия» күні. Бұл күні окушылар «кітаптар әлеміне саяхат» атты тақырыппен кітапханамен байланыс жасап бірнеше поэзия авторларымен танысты. Өздерінің жақсы білетін поэзияларын оқып айтып берді. Поэзия күніне орай оқушыларға 1001 – мақал, 101 – жұмбақ ұйымдастырылып шарларға жапсырылған мақал- мәтелдің жалғасын айтып, жұмбақтардың шешімін тапқан болатын.

10 – күн. «Қош бол, Достық лагерь» күні. «Достық» жазғы лагерьдің  ІІ ауысымының жабылуын  Катерде ұйымдастырылды. Жалпы жазғы лагерь оқушылардың жүрегіне жылулық, қуаныш, ізгілік, сүйіспеншілік сыйлай білгенімен қоса, естен кетпес өте мағыналы естелік қалдырылды. Лагерге өз өнерлерімен белсене қатысып, көзге түскен оқушыларды марапаттап, барлық қатысушыга оқушыларға алғыс хаттар берілді. Осылайша  лагерьдің  жабылуы жоғарғы деңгейде аталып өтті.