2022 жылдың 10 – шы қыркүйек күні мектеп директоры А. Ахметова, Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратынан Е. Сұлтанов және медбике А. Омарова мектеп асханасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күнделікті ас мәзірін, дайындалатын тағамдардың сапасын тексеру мақсатында 2022 жылдың 10 қыркүйек күні мектеп директоры А.Ахметова, Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратынан Е.Сұлтанов және медбике А. Омарова, Р. Әділғалиева мектеп асханасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында асхананың санитарлық нормаларға сәйкес ас мәзірін, тамақ өнімдерінің сапасын, тамақ сақтау блогындағы тағамдарды сақтау, дайындауына, тоңазтқышта сақталуы, астың нормаға сәйкес өлшенуі, жарамдылық мерзімінің сақталуы мен күнделікті ас мәзірі қаралды. Оқушыларда күнделікті беріліп отырған тамақтың дәмділігіне ризашылығын білдірді.